«Алматы» қонақ үйі
1/ 9
«Алматы» қонақ үйі — қала орталығындағы кеңестік модернизм дәуірінің көрнекті сәулет ескерткіштерінің бірі. 1967 жылы салынған ғимараттың басты ерекшелігі — Іле Алатауының тау жотасына немесе керілген садаққа теңелетін бірқалыпты иілген қасбеті. Ғимараттың сәулеттік келбетін көлденең созылған терезе қатарлары, лоджиялар және қасбеттің ұзын бойындағы жарық пен көлеңкенің алмасуы қалыптастырады.
Бастапқы жобаның авторлары — сәулетшілер Н.И. Рипинский, И.А. Картаси, А.Я. Коссов және В.Г. Чиркин. Кейінгі қайта жаңғырту жұмыстарының басты мақсаты ғимараттың тарихи сәулеттік айшықтылығын қалпына келтіріп, оны заманауи талаптарға бейімдеу болды. Қасбеттерді жаңарту тұжырымдамасын британдық Chapman Taylor сәулет бюросы әзірледі.
Қайта жаңғырту барысында қолданылған негізгі материалдардың бірі —боялған алюминий. Ашық түсті металл қаптама қасбеттің жинақы әрі біртұтас келбетін қалпына келтіруге, оның ұзын көлденең сызықтарын айқындауға және алдыңғы қайта жаңғырту жұмыстарына тән көзге ауыр көрінетін сәулеттік шешімдерден бас тартуға мүмкіндік берді.
Алюминий әйнекпен үйлесе отырып, ғимараттың сыртқы келбетін көзге жеңіл етіп көрсетеді және оған модернизмге тән айқындықты қайтарады. Мұнда металл ұстамды сипатта қолданылған: ол назарды өзіне аудармай, қасбеттің иілімді пішінін, лоджиялардың ырғағын және ғимараттың тұтас көлеміне тән жұмсақ иілісті айқындай түседі.
Нәтижесінде қайта жаңғырту жұмыстары қонақүйдің бірден танылатын өзіндік сұлбасын сақтап қана қоймай, оның сәулеттік келбетіне заманауи нақтылық пен үйлесімділік берді. Ашық түсті алюминий ғимараттың тарихи бейнесін жаңа қасбеттік жүйемен үйлестіретін маңызды материалға айналды.

Жоба түрі
Қонақ үйлер мен мейманханалар
Бұйым түрі
Қасбеттік панельдер (S.Panels)
Материал
Боялған алюминий (S.Con)
Нысанның орналасқан жері
Алматы
Түстік шешім
Басқа жобалар
Үлгіге тапсырыс беру