ZAMAN Тұрғын үй кешені
1/ 13
ZAMAN тұрғын үй кешені — Атырау қаласында заманауи еуропалық стильде жобаланған бизнес санаттағы тұрғын үй кварталы. Жобаның сәулеттік келбетін Нұрлан Камитов / INK Architects Нұрлан Камитов / INK Architects әзірлеген, ал девелопері —BI Group.
\n\nКешеннің сәулеті айқын геометриялық пішіндердің, қасбеттердің әсерлі ырғағының және заманауи материалдар палитрасының үйлесіміне негізделген. Корпустар біртұтас тұрғын үй ансамблін қалыптастырады. Ондағы жекелеген көлемдер пішіндік шешімдері мен түстік екпіндері бойынша ерекшеленгенімен, ортақ сәулеттік тұжырымдаманы сақтайды.
\n\nҚасбеттің негізгі материалдарының бірі — боялған алюминий. Аспалы алюминий панельдер тегіс әрі біркелкі беттер қалыптастырып, ғимараттардың геометриялық пішінін айқындайды және күрделі пішіндегі көлемді элементтерді жасауға мүмкіндік береді. Соның арқасында металл тек қаптама ретінде ғана емес, сәулеттік пішінді қалыптастырудың толыққанды құралы ретінде де қолданылады.
\n\nАлюминий табиғи жарықта ерекше әсерлі көрінеді. Қарау бұрышы мен тәулік уақытына байланысты металл беттердің реңк тереңдігі мен түс қанықтығы өзгеріп, қасбеттің жекелеген қырлары мен ырғағын айқындай түседі. Байсалды реңктегі минералды беттермен үйлескен металл сәулетке тереңдік пен визуалды серпінділік береді.
\n\nНәтижесінде ZAMAN металл түс, геометриялық пішін және жарықты біртұтас сәулеттік композицияға біріктіруге көмектесетін заманауи тұрғын үй ансамблі ретінде қабылданады.

Жоба түрі
Тұрғын үй кешендер
Бұйым түрі
Қасбеттік панельдері (S.Panels), Көлемді қасбеттік панельдер (S.Panels 3D)
Материал
Боялған алюминий (S.Con)
Нысанның орналасқан жері
Атырау
Түстік шешім
INK Architects
INK Architects — 2004 жылы Британдық сәулетшілер корольдік институтының (RIBA), Халықаралық сәулет академиясының (IAA) және Америка сәулетшілер институтының (AIA) мүшесі Нұрлан Камитов негізін қалаған Қазақстандағы жетекші сәулет компанияларының бірі. 20 жыл ішінде бюро жалпы ауданы 10 млн м²-ден асатын жобаларды, соның ішінде тұрғын үй және көпфункционалды кешендерді, қонақүйлерді, мәдени және қоғамдық кеңістіктерді жүзеге асырды. Мамандар командасы шығармашылық тәсілді жергілікті нормалар мен техникалық шарттарды терең білумен ұштастыра отырып, бірыңғай ақпараттық ортада жұмыс істейді. Бұл тиімділікті, икемділікті және тіпті ең күрделі тұжырымдамаларды табысты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Басқа жобалар
Үлгіге тапсырыс беру